Егер және Неге
Егер діндес бауырларыңызға сүйіспеншілік пен мейірімділік көрсетпесеңіз, онда неге Алланың мейірімінен дәмелісіз?
Егер асыл дініңізге қамқорлық танытпасаңыз, онда неге бұл өмірде табысты болғыңыз келеді?
Егер ата-ана, туыс, бауырларыңызбен қарым-қатынасты үзсеңіз, онда неге Алламен қарым-қатынасыңызды сақтаймын деп ойлайсыз?
Егер жетім-жесір мен мұқтаждарға көмек көрсетпесеңіз, онда неге Алланың көмегінен үміттенесіз?
Егер Пайғамбарыңыздың (с.ғ.с.) ұлағатты жолымен жүрмесеңіз, онда неге жәннатқа кіріп, Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) жәнатта бірге болудан үміттенесіз?
Егер сізде иман мен рухани байлық болмаса, онда Сіз неге өзіңізді бай-бақуаттымын деп есептейсіз?
Егер Сіз намаз оқып, ораза тұтпасаңыз, онда неге өзіңізді «денім сау» деп ойлайсыз?
Бұл бүгінгі мені толғандырған сұрақтар. Және бұл тізімді әрі қарай толассыз жалғастыра беруге болады... Сіздің де көкейіңізде осындай «егер мен негенің» сансыз тізімі жатыр ма?
Лаура Қанатқызы