ЖАҚСЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАМАУ ӘЙЕЛ АДАМҒА ТӘН СИПАТ ПА?
Расында да, жақсылықты бағаламау, қанағатсыздық әйел адамдарға ғана тән сипат па? Дәлірек тұжырымдасақ, әйел адамдардың ер адамдарға қарағанда қанағатсыз және жақсылықты бағалай алмайтыны рас па? Осы сұрақ Әбу Саид әл-Худри (р.а.) жеткізген мына хадиске байланысты туындайды: «Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айт намазына шығып: «Ей, әйел жамағаты! Алла жолына садақа беріңдер және Алладан кешірім тілеп, көп тәубе етіңдер! Өйткені, мен жәһаннам отында басым көпшілігі әйелдер болғанын көрдім», - дейді. Сонда араларынан бір әйел шығып: «Неге тозақ отының көпшілігі әйелдер екен?» – дейді....